Денар

2007 жылдан бастап қазақ эстрадасының жұлдыздарының  қатары тағы бір дарындыларға толды. «Денар» тобы аталмыш жылдан бастап қиын да қызық жолды таңдап өздерінің бағыттарын анықтай білген. Топтың «Денар» деп аталу себебін топтың жігіттері былай деп түсіндіруде: Бізде Дүйсен және екі Ернар деген жігіттер бар. Бұл атауды бір мағыналы атау деп айта алмаймыз. Дегенмен есімдерімізге қатысты қылып таңдадық. Дүйсеннің «ДҮЙ», бірінші Ернардың «Е», екінші Ернардың «НАР» сөздерін кесіп алдық. Ежелгі парсы, араб елдерінде «Дүй» деген ұғым екі жақты қосу деген мағынаны білдіреді. Яғни Дүйсеннің екі Ернарды қосып тұруы. Дегенмен «Дүйнар» деп емес «Денар» деп алдық.

Ернар, Дүйсен, Ернар деп аталатын бұл серілердің халықтың жүрегін жаулап алатын отыздан астам әндері, екі бейнебаяндары бар. Шет елдің ретро әндерін қазақ тіліне аударып орындап ерекшелініп жүрген бұл топ қазіргі таңда шығармашылық ізденіс үстінде. Және де жаңа бейнебаяндарының жарыққа шығуына атсалысуда. Әр кезде бір шоу жасап жүретін бұл топ жігіттері жаңа клиптерінің сюжетін құпия қылып қалдыруды жөн көрді. Бір айтатындары жақында халыққа тосын сыймен шығармақ ойлары бар. Ал бағасын халық бере жатар деп өз сөздерін аяқтаған бұл жігіттерге тек сәттілік тілейміз!

Информация заимствована с сайта www.kzmz.kz

Фотографии