Абугазин Талгат

Мен, Абуғазин Талғат Қазенұлы 1982 жылы 30-шы қыркүйекте Семей облысы, Ақсуат ауданында дүниеге келдім. 2000 жылы Ақсуат қазақ орта мектебін бітірдім. 2002 жылы Алматыдағы Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің халық бөлімінің «Халық» әні мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Халық әртісі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Қ. Байбосыновтың класынан Арқа әншілік дәстүрі бойынша тәлім алдым. Аталған оқу орынды 2005жылы аяқтап, сол жылы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының  «Халық» әні кафедрасына оқуға қабылдандым. Осы оқу орында жүріп, бірнеше конкурстардың лауреаты атандым. Атап айтсақ, 2005 жылы консерватория қабырғасында өткен  республиалық «Асыл мұра» дәстүрлі орындаушылар байқауының лауреаты, Қарағанды қаласында өткен 1-ші Мәди Бәпиұлы атындағы республиалық байқауының лауреаты, 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысында өткен халықаралық Әсет Найманбайұлы атындағы байқауда бас жүлдеге ие болды, Астана қаласында өткен ҮІ республикалық Әміре Қашаубаев атындағы байқауының лауреаты, 2009 жылы Жамбыл облысында  өткен Кенен Әзірбаевтың 125 жылдығына арналған Ү-республикалық байқауының лауреаты атандым. Аталмыш оқу орынды 2009 жылы бітірдім. Осы жылдан бастап, Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінде ұстаздық қызмет атқарамын. 2009-2010 аралығында «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясында өткен «Сегіз қырлы»  телебәйгесінде бас жүлдеге ие болдым. 2011жылдан «Қазақ әуендері» АҚ-ның «Гүлдер» ансамблінің жеке әншісі болып жұмыс істеймін.

Фотографии