Маясаров Жаксыкельды

Мен Маясаров Жақсыкелді 1988 жылы  Қарағанды облысы, Шет ауданы, Айғыржал ауылында дүниеге келдім. 1995 жылы МаясарЖапақов атындағы негізгі мектептің бірінші сыныбына қабылдандым.
2004 жылы осы аталған мектептің 9-шы сыныбын аяқтап, Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің домбыра-прима классына түстім.
2008 жылы колледжді аяқтап, Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының Халық әні кафедрасының 1-ші курсына профессор Қ.Байбосыновтың класына қабылдандым. 2-ші курстан бастап  ҚР Мәдениет қайраткері А. Исатаеваның класында дәріс алудамын.
2012 жылы оқуды аяқтап, осы жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының  Халық әні бөлімі бойынша магистратураға түсіп, 2014 жылы бітірдім. Қазіргі таңда Астана қаласының мемілекеттік филармониясының аншісімін.
2011 жылы өткен К.Әзірбаев атындағы Республикалық конкурстың 1-ші орын иегері.
2011 жылы өткен телевизиялық «Сегіз қырлы» Республикалық дәстүрлі әншілер конкурсының 1-ші орын иегері.
2012 жылы өткен Н.Бекежанов атындағы конкурстың 3-ші орын иегері.
2012 жылы өткен ж.Елебеков атындағы Республикалық конкурстың Бас-жүлдегері.
2013жылы  Ә.Қашаубаев атындағы Республикалық конкурстың 1-ші орын иегері.
2014 жылы Ә.Найманбаев  атындағы Республикалық конкурстың Бас-жүлде игері.

Фотографии