Ерлан Рыскали

РЫСҚАЛИ ЕРЛАН РЫСҚАЛИҰЛЫ  1982 жылы 15 қыркүйекте ШҚО Шұбартау ауданы Қосағаш ауылында дүниеге келген. 1995-2001 жж. А.Жұбанов атындағы республикалық арнаулы музыкалық мектеп-интернатында білім алған.  2001-2005 жж. Құрманғазы атындағы қазақ Ұлттық Консерваториясының халық әні кафедрасында оқып бітірген. 2005-2007 жж. Аталған оқу орнының ассистент-стажерлығын Қайрат Байбосыновтың сыныбы бойынша бітірген.
Ерлан Сегіз сері, Біржан сал, Ақан серілерден бастау алған халқымыздың Арқа әншілік мектебінің жалғастырушы өкілі.
2003-2004 жылдары өткен Майра Уәлиқызы атындағы халықаралық байқаудың, Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық, Әсет Найманбаев атындағы аймақтық, Республикалық «Асыл мұра», 2005-2006 жылдардағы Мәди Бәпиұлы атындағы байқаулардың жүлдегері. 2009 жылы өткен  Н.Тілендиев атындағы ІІ халықаралық әншілер және күйшілер байқауының ән номинациясы бойынша І дәрежелі, Әміре Қашаубаев атындағы VІІ республикалық дәстүрлі  әншілер байқауының І дәрежелі лауреаты, 2011 жылы Қазақстан республикасы тұңғыш президенті қоры силығының лауреаты атанды. 2011 қыркүйектің 15-25 аралығында Ресей федератциясында өткен халықаралық «голоса золатой степей» атты байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған. Астраханда өткен байқаудан соң Владимир Мацеевский, Сергей Ярьешко, Сергей Стрелников сынды өнер қайраткерлері Ерланға Астраханда қызымет етуге ұсыныс білдірген. 2010 жылы әлемдік тенор әнші Пласидо ДомингоЕрлан Рысқалимен кезігіп, әнін тыңдап жоғары бағалап, Италияға келуге ұсыныс білдірген.
Ерлан Рысқали республикалық «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Дала думан», «Ауыл сазы», «Ән айтыс», «Күй тартыс», «Аманат» бағдарламаларының редактор-жүргізуші болып еңбек етті. Және республикалық «Қазақ радиосы, Шалқар ұлттық радио толқынында» «Назқоңыр», «Сал домбыра», «Алғыр қазақ» авторлық радиохабарларын жүргізді. Қазіргі таңда Жамбыл атындағы қазақ Мемлекеттік филормониясында жеке орындаушы, әнші, Темірбек Жүргенов атындағы
Мемлекеттік Ұлттық Өнер академиясында ұстаз-оқытушы болып қызымет атқарады. Ән өнерінде Әміре Қашаубаев, Манарбек Ержанов, Жүсіпбек Елебеков, Мәдениет Ешекевті, Жәнібек Кәрменовты, Санақ Әбеуов, Қайрат Байбосынов, Бекболат Тілеухаовты, Рамазан Стамғазиев, Толғамбай Сембаевты піртұтады. Әнге баулып, қыр-сырын үйреткен әкесі Рысқали Әзімбайұлы, ұстаздары Санақ Әбеуов пен Бекболат Тілеухан. Көптеген ұмыт болған әндерді жаңғыртып, «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» жинағына енгізді. Атап айтқанда халық әндерімен халық коомпозиторлары Шәкір Әбенов, Қиясбай, Уәйіс Шондыбайұлы, сондай-ақ өнер зертеушілері Затаевич, Эрзакович, Жұбановтардың ноталық жазбаларында қалған әндерді жарыққа шығарды. Өнерде де өмірде де «Өнерпаз өрелі болса, өнері нәрлі болады» деген Жәнібек Кәрменовтың сөзін негізгі қағида деп біледі.

Фотографии