Жебе

Қазақ әнінің корейферлерінің ізін басуға талпынып, еңбек етіп жатқан топтың бірі, әрі бірегейі — «ЖЕБЕ» тобы. Тараздық тарландар қиындығы мен қызығы қатар жүретін «өнер» айдынына шығуға бел буыпты. Тек жолдарынан адаспаса болғаны! ЖЕБЕ! Белгілі, һәм белгісіз есім. Бірден өзіңе баурап алатыны да ақиқат.

Халқымыздың сөздік қорын ақтарсақ, Жебе-

   1. з. е. Тиген жерін тесіп түсетіндей садақ оғы.
   2. ет. Біреуді қолдау, қорғау.

Екі ұғымды байланыстыра келсек, аталған топтың мақсаты қазақ эстрадасына Жебе болып қадалып, өнерді, әнді сүйген қауымға ән арқылы көмектесу. Яғни, Аян, Данияр, Көркем, Ізбасар есімді жігіттерден құралған топ жүрекке жылы тиер әндер орындап жүр, орындайды да. Аттарына заттары сай қазақ эстрадасына жетпей тұрған, керек етіп тұрған әндер орындап, халық жүрегінде жатталуы үшін еңбек етуде.

ЖЕБЕ тобы 2008 жылдың шілде айында Дінмухамед Серікұлының қолдауымен құрылды. Топ құрамында:
Аян Ташмағанбетов
Данияр Жақсылықов
Көркем Сейсенбеков
Ізбасар Көпбергенов

Информация заимствована с сайта www.kzmz.kz

Фотографии