Құқық иелеріне

Құрметті авторлар, орындаушылар және фонограмма өндірушілер!

Сіздер коммерциялық мақсатта жарияланған фонограммаларды және осындай фонограммаларда жазылған әндерді пайдаланғандарыңыз үшін сыйақы алуға құқылысыздар.

Сіздердің құқықтарыңызды қорғау мен жүзеге асыруды, сіздерге тиесілі төлемнің уақтылы және толық төленуін біз қамтамасыз етеміз.

Ол үшін Сіз біздің ұйыммен келісім-шарт жасасуыңыз қажет.

  «Аманат» ЗТБ-мен келісім-шарт жасасу және Қауымдастық мүшелігін алу мәселесі бойынша мына мекен-жайға хабарласыңыздар: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Республика алаңы, 13, № 512 бөлме. Біздің телефондарымыз: (727)334 03 65, 8 701 924 04 52; факс (727) 334 03 65,

 е-mail: info@kazamanat.kz, Skype kazamanatkz.  

«Аманат» авторлық және аралас құқықтарды қорғау жөніндегі қауымдастық» ЗТБ – орындаушылардың, фонограмма өндірушілердің, аралас құқықтардың басқа да иегерлінің құқықтарын ұжымдық басқарумен айналысатын заңды тұлғалардың коммерциялық емес бірлестігі.

«Аманат» ЗТБ қызметі Қазақстан мәдениетін сақтау мен дамытуға, Қазақстанда шоу-бизнесті дамытуға, авторлық және аралас құқықтарды жүзеге асыру мен қорғауға бағытталған. Біздің ұйым сіздердің мүдделеріңізді қорғай отырып, заңсыз көшірмелерді таратудың және аралас құқықтар нысандарын рұқсатсыз пайдалануға қарсы тұруға көмектеседі.

«Аманат» қауымдастығы» ЗТБ ерікті және теңқұқылы мүшелік пен демократиялық өзін-өзі басқару қағидаттары негізінде жұмыс істейді.
  «Аманат» Қауымдастығы» ЗТБ-мен қазірдің өзінде 130 астам қазақстандық орындаушы келісім-шартқа қол қойды. Олардың арасында Қазақстанда және одан тысқары аймақтарда белгілі және сүйікті Ерлан Көкеев, Жәмила Серкебаева, «JSC», «Мотороллер» топтары және т.б. бар.  

«Аманат» Қауымдастығы» ЗТБ қызметінің негізгісі:



орындаушылар мен фонограмма өндірушілердің жария орындағандары, сондай-ақ коммерциялық бағытта жарияланған фонограммаларды эфирге немесе кабель арқылы таратқаны үшін сыйақы алу құқығын қорғау және жүзеге асыру.

құқық иелеріне олардың зияткерлік құқықтарын жүзеге асыру және қорғауда келісім-шарт бойынша, сондай-ақ ұжымдық негізде құқықтарды басқару жөніндегі басқа да қазақстандық және шетелдік ұйымдар ұсынатын өкілеттіліктер негізінде көмек көрсету.


Құжаттарды осында көруге болады


Бас беті Сайт картасы Кері байланыс

Соңғы

Жаңалықтар

Телефон
(727) 334  03 65
факс: 334  03 65
        
Наши Партнеры:

ktk     казахстан.png 1tv rusradioasia.jpegntkeuropa_plus_kzKazakhTV_logo.png

logoBilim.pngkhabar_logo.jpg20140702162218.jpg771857.jpglogo.png

XIT-logo-Kazakhstan.jpglogo24kz.pngАстана ТВ

NE.FM

 

 

© 2012 "Аманат" ЖМ Бас беті 1C-BitrixРаботает на 1С-Битрикс AidanРазработка сайта Студия ”Айдан”