Авторлардың құқығын жасанды интеллектен қалай қорғаймыз? Алматыда авторлық қоғамдар бас қосып, осы мәселені шешу жолдарын талқылады. Онсыз да елімізде шығармашыл адамдардың құқығы толық қорғалмай жүрген дейді мамандар.
https://www.ktk.kz/kz/news/video/2024/10/03/280782/
Жасанды интеллект арқылы жасалатын туындылардан авторға ақша өндіру қиын. Бірақ бұған қол жеткізу үшін осы саладағы ұйымдар бірлесіп әрекет етуі керек дейді шараға қатысушылар. Алтыншы рет өткізілген конференцияға шетелдік авторлық қоғам өкілдері да шақырылған.
Отандық өнер иелерінің туындылары тек Қазақстанда емес, өзге елдерде де қолданылады. Алайда оған сыйақы мен қаламақы төленбейді. Негізі біреудің туындысын рұқсатсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық жауап қарастырылған. Алайда автор құқығы туралы заң да елімізде дұрыс жұмыс істемейді дейді мамандар.