Заңнама




Қазақстан Республикасының атазаңы


30 тамызда 1995 жылғы Республикалық референдумда атазаң қабылданды
Қазақстан Республикасы Парламентінің Тізімдемесі 1996 ж., N 4, ст. 217

20-бап

1. Сіз бен шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады.

2. Әркiмнiң құқ жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып табылатын мәлiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi.

3. Республиканың конституциялыќ құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, үлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгiттеуге жол берiлмейдi.

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 Кодексі

51-тарау. Сабақтас құқықтар
985-бап. Сабақтас құқықтардың объектiлерi
Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылыққа, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар таратушы ұйымдардың хабарларына, олардың мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ олардың көрсетiлу әдiстерi мен нысандарына қарамастан қолданылады.

986-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi

1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар мен эфирлік және кабельдік хабар тарату үйымдары сабақтас құқық субъектiлерi болып табылады.

2. Фонограмма жасаушы, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдары осы тарауда көзделген құқықтарды фонограмма жазылған не эфирге немесе кабель арқылы берiлетiн туындының орындаушысымен және оның авторымен жасалған шарт бойынша алынған құқықтар шегінде жүзеге асырады.

3. Орындалған туынды авторларының құқықтары сақталған жағдайда орындаушы осы тарауда көзделген құқықтарды жүзеге асырады.

4. Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу немесе қандай да бiр басқа формалды талаптарды сақтау талап етiлмейдi.

5. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы жариялау үшiн орындау жазбасының, фонограмманың әрбiр данасында және (немесе) ол сақталатын әрбiр қорапта орналасатын және үш элементтен:

1) қоршауңа алынңан латынша "Р" әрпiнен;

2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауынан);

3) орындау жазбасының, фонограмманың бiрiншi жарияланған жылынан тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгісін пайдалануға құқылы.

6. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есiмi немесе атауы көрсетiлген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.

Ескерту. 986-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

987-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет орын алған орындаушының орындауға құқығы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Бұл жағдайда орындаушының және оның мұрагерлерiнiң, сондай-ақ азаматтығына қарамастан орындаушының өзге де құқықтық мирасқорларының құқықтары танылады.
Орындау алғаш рет шет мемлекеттiң аумағында жүзеге асырылған жағдайда да орындаушының, сондай-ақ оның құқықтық мирасқорларының құқығы танылады.

2. Егер фонограмма жазбасы алғаш рет Қазақстан Республикасында көпшiлiк алдында қайта жаңғыртылса немесе оның даналары көпшілікке таратылса, бұл фонограмма шығарушының құқықтары Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жерi немесе тұратын орны бар заңды тұлғалардың да фонограмма шығару құқықтары танылады.

3. Егер ұйымның Қазақстан Республикасының аумағында ресми орналасқан жері болса және хабарларды Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан таратқыштар көмегiмен жүзеге асырса, оның эфирлiк немесе кабельдiк хабар таратуды ұйымдастыру құқығы танылады.

4. Өзге де шетелдiк орындаушылардың, фонограммалар шығарушылардың, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының құқықтары Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қорғалады.
Ескерту. 987-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

988-бап. Сабақтас құқықтар субъектiлерiнiң құқықтарын
реттеу

Орындаушының, фонограмма шығарушының, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының айрықша және өзге де құқықтарының көлемi мен мазмұнын, сондай-ақ аталған субъектiлердiң айрықша құқықтарын шектеу жағдайлары мен шектерi және оларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк заң актiлерiмен реттеледi.

Ескерту. 988-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

989-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi

1. Орындаушыға қатысты сабақтас құқықтар алғаш рет орындалғаннан кейiн немесе қойылғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiнде болады. Орындаушының өз аты-жөнiне және орындауды немесе қойылымды бұрмалаудан қорғауға құқықтары мерзiмсiз қорғалады.

2. Фонограмма шығарушыға қатысты сабақтас құқықтар фонограмма алғаш рет жарияланғаннан кейiн жетпiс жыл бойы не, фонограмма бұл мерзiм iшiнде жарияланбаса, ол алғаш рет жазылғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiнде болады.

3. Эфирлiк хабар тарату ұйымына қатысты сабақтас құқықтар мұндай ұйым эфирге алғаш рет хабар берудi жүзеге асырғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiнде болады.

4. Кабельдік хабар тарату ұйымына қатысты сабақтас құқықтар мұндай ұйым кабель бойынша алғаш рет хабар берудi жүзеге асырғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiнде болады.

5. Осы баптың 1-4-тармақтарында көзделген мерзiмдердi есептеу мерзiмi өтуiнiң басталуына негiз болатын заңды факт орын алған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан басталады.

Ескерту. 989-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

990-бап. Шетелдiк азаматтар немесе шетелдiк заңды
тұлғалар болып табылатын орындаушылардың,
фонограммалар шығарушылардың, эфирлiк және
кабельдік хабар тарату ұйымдарының құқықтары
Шетелдiк азаматтар немесе шетелдiк заңды тұлғалар болып табылатын орындаушылардың, фонограммалар шығарушылардың, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының құқықтары, егер олар өздерiнiң алғашқы қойылымын, орындауын, жазбасын немесе эфирге хабар таратуын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жүзеге асырса, оның аумағында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес қолданылады.

Ескерту. 990-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.



Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдаєы N 6-I Заѕы